Қала прокурорының талап арызымен зардап шеккен үлескерлерге құрылысы аяқталмаған "Рух", "Алтын Раид", "Зере-2" және "Магистральный-3 (3-блок)" тұрғын үй кешендері беріліп, 360-тан аса үлескердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат.
Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен "Рух", "Алтын Раид", "Зере-2" және "Магистральный-3 (3-блок)" тұрғын үй кешендерінің үлескерлерінің мүддесіне енгізілген қала прокурорының талап арыздары қанағаттандырылды.
Азаматтық істердің қаралу нәтижесі бойынша "Рух Нұрхат", "ДАР", "Наш дом Зере" және "Аманат-Комфорт" ТҮҚК-нің пайдасына жосықсыз құрылыс салушылардан ("КазГазАстана" ЖШС, "Алтын Сапа 2011" ЖШС, "Жас Отау-Happy tawn" ТҮҚК, "ТамызИнвестГрупп" АҚ) 2 млрд теңге өндіріліп, құрылысы аяқталмаған "Рух", "Алтын Раид", "Зере-2" және "Магистральный-3 (3-блок )" тұрғын үй кешендері жер телімімен қоса берілді.
Қазіргі уақытта тұрғын үй-құрылыс кооперативтері құрылысты аяқтау және тұрғын үйлерді пайдалануға беру үшін әлеуетті салушыларды тарту мүмкіндігіне ие болды.