Елорда аумағында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге және іздеуде жүрген адамдарды анықтауға бағытталған "Қаңғыбас" атты жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Рейд барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді, сондай-ақ құқықбұзушылық жасады деген 6 адамды ұстаған.
"Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың жүрген жері анықталды. Оның ішінде бір азамат 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған. Төрт жыл бойы туыстары 48 жастағы ер адамның оралуынан үміт үзбеген екен. Полицияның жедел-іздестіру әрекеттерінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты", – деді ПД өкілдері.