Астанада төртінші ауданды ашу мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды Elorda Aqparat.
Бұл туралы қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді мәлімдеді.
Елордадағы үш аудан мен бірқатар басқармалардың алдағы жылдарға арналған бюджетімен таныстырған ол жаңа аудан жөнінде аздаған мәлімет бере кетті. Баяндамашының айтуынша бұл мәселе алдымыздағы екі-үш айда шешілуге тиіс. Жаңа аудан шекарасына Өндіріс, Кирпичный тұрғын алаптары кірмек. Аудан ашылған кезде оны дамыту бағдарламасы жасалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу