"Астана қаласының жаңа көлік жүйесі" жобасын іске асыру (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі аралық) және "LRT" желісінің құрылыс аумағын дайындау аясында Сығанақ көшесінде инженерлік желілерді қайта жабдықтау жұмыстарын жүргізу көзделуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.
Осыған орай 18-26 мамыр аралығында Түркістан және Сығанақ көшесі- Мәңгілік ел даңғылы айырығы арасында жатқан Сығанақ көшесі қозғалыс үшін жабық болады. Қала жолдарында кептелістерді тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтарына өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлаған абзал.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу