Астанада тұман сейіліп, қаламаңы автобустары рейске оралды

411

Астанада тұманға байланысты қозғалысы тоқтатылған қала маңы автобустары қайта қатынай бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

Астанада тұман сейіліп, қаламаңы автобустары рейске оралды Фото: inbusiness.kz

№305, 312 315, 316, 327 қаламаңы бағдарларының қозғалысы бүгін таңертең тоқтатылған болатын. Комания мәліметінше, қазір барлық рейс штаттық режимде орындалып жатыр.

Сондай-ақ қалың тұманнан көлік қозғалысына шектеу енгізілген "Астана қаласы - Анар бекеті" жолы қайта ашылды. Бұл – "Екатеринбург - Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу