Астанада түнгі ауысымда қар күреуге 1 200-ден астам арнайы техника шығарылды

100

Елорданың коммуналдық қызметтері қыс мезгілінен бастап тәулік бойы ауысыммен жұмыс жүргізіп келеді.  

Астанада түнгі ауысымда қар күреуге 1 200-ден астам арнайы техника шығарылды Фото: Астана әкімдігі

Қар мен мұзды тазалау тоқтаусыз жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

15 желтоқсан күні қаладан 23 мың текше метрден аса қар 1927 рейспен шығарылды.

16 желтоқсанға қараған түні қар күреу жұмысына 341 жол жұмысшысы мен 1240 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Қыс мезгілі басталғаннан бері қаладан қар полигонына 621 мыңнан астам текше метр қар 48 315 жүк көліктерімен шығарылды.

Бірінші кезекте негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Осыдан кейін қозғалысы орташа аумақтар – аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар тазаланады.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдарға, тротуарлар және көшелерге техникалық тұз себіліп жатыр. Бұл жұмыс та тәулік бойы жүргізіледі.

Сонымен қатар, тұрғын үй аумақтарындағы тазалықты ПИК пен МИБ қызметкерлері қамтамасыз етеді, олар аулаларды қар мен мұздан уақытында тазалау арқылы тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу