Астанада түнгі клубта оқ атқан ер адам 4 жыл 8 айға сотталды

741

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлім етті.  

Астанада түнгі клубта оқ атқан ер адам 4 жыл 8 айға сотталды Фото: kapital.kz

Астанада түнгі ойын-сауық орнында газ тапаншасымен оқ атқан қала тұрғыны 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс материалдарына сәйкес, сотталған азамат спирттік ішімдік ішіп, газ толтырылған шарларды тұтынғаннан кейін түнгі клубта өзге келушілерге себепсіз тиісіп, олардың мазасын алған.

Осыған байланысты қонақтардың бірі оның өрескел әрекетіне ескерту жасап, мұндай мінез-құлқының себебін сұраған. Алайда күдікті қоғамдық тәртіпті сақтаудың орнына өзімен бірге алып жүрген газ тапаншасын шығарып, жәбірленушінің кеуде тұсына екі рет оқ атқан. Салдарынан зардап шеккен адам дене жарақатын алған.

Оқиғадан кейін күдікті қылмыс орнынан бой тасалаған.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот оны газды қаруды қолдана отырып бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды қоғамдық орындарда заң талаптарын сақтауға шақырып, құқыққа қайшы әрекеттер үшін заңда көзделген жауапкершілік бар екенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу