Астанада түнгі клубтарда азот тотығын пайдаланушылар ұсталды

140

Нашақорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды жүзеге асыру мақсатында елорда прокуратурасының бастамасымен полиция 15 ойын-сауық мекемесінде рейд жүргізді.   

Астанада түнгі клубтарда азот тотығын пайдаланушылар ұсталды Фото: realkz.com

Нашақорлық және күшті әсер ететін заттардың заңсыз қолданылу фактілерін анықтау мен алдын алу тұрақты негізде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Нәтижесінде 7 баллон азот тотығы және 14 пакет шар (азот тотығымен дем алу үшін пайдаланылады) тәркіленді, 4 тұлғаға ӘҚБтК-нің 440-1-бабы бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамақ қолданылды, – делінген хабарламада.

Бұл жұмыс елорда прокуратурасының ерекше бақылауында. Азот тотығы есірткі затына жатпайды, алайда ол күшті әсер ететін заттардың қатарына кіреді.

Оны медициналық мақсатта емес қолданғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабы бойынша әкімшілік жаза көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу