Астанада түнгі уақытта қар күреу жұмысына 1200-ден астам арнайы техника жұмылдырылады

157

Елордада қар мен көктайғақтан тазарту жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде еңбек етуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада түнгі уақытта қар күреу жұмысына 1200-ден астам арнайы техника жұмылдырылады Фото: Астана қаласының әкімдігі

9 қарашаға қараған түні Астанада қар тазалау жұмысына 800-ден астам жол жұмысшысы мен 1220 арнайы техника жұмылдырылады.

Қазірдің өзінде қаладан 17 мың текше метрден астам қар немесе 1349 жүк көлігіне тең көлем арнайы полигондарға шығарылған. Қысқы маусым басталғалы бері барлығы 67 мың текше метр қар (5404 жүк көлігі көлемінде) шығарылған.

Қар тазалау кезінде алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылып, содан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтар – аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар ретке келтіріледі.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жолда және жаяу жүргінші аймақтарында сақ болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезінде ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу