Астанада тұңғыш рет бокстан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтеді

400

Жастар арасындағы чемпионатқа 2005 және 2006 жылы туған боксшылар қатысады.

Астанада тұңғыш рет бокстан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтеді Фото: Prosports.kz

Елордадағы Beeline Arena спорт кешенінде 23 қазан-3 қараша аралығында өтетін бокс бәсекесінде сары құрлықтың 23 елінен ең мықты деген 500-ге жуық жас спортшы Азия чемпионы атағына таласады. 

Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Қытай Тайпейі, Жапония, Филиппин, Гонконг, Оңтүстік Корея, Моңғолия , Иран, Қырғызстан, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Тәжікстан,Түркіменстан, Палестина, Пәкістан, Йемен, Ирак, Иордания, Кувейт, Малайзия мемлекеттері бар.

Жастар арасындағы чемпионатқа 2005 және 2006 жылы туған боксшылар қатысады. Ал 2007 және 2008 жылы дүниеге келген балалар жасөспірімдер арасындағы жарыста бақ сынайды. Финалдық жекпе-жектердің жеңімпаздары 2-3 қарашада анықталады.

Айта кетсек, Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін Азия чемпионатын 2016 жылы Павлодарда өткізген болатын. 

Іс-шара ҚР Туризм және Спорт министрлігі, Қазақстан бокс федерациясы, Спортты дамыту дирекциясы, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу