Ертең 19 ақпан күні Астанада ит жегу спортынан аймақтық жарыс өтеді.
"Жарысқа хаски және басқа да ит тұқымдары қатыстырылады. Ит асыраушылар жүгіру, шана және шаңғымен сырғанау сияқты сайыстарға итімен бірге қатысады", - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Тағы бір айта кететін жайт, мұндай жарыс Астанада алғаш рет өткелі жатыр. Хаски тұқымындағы иттер балалармен ойнап, адамдардың сенімді серігі болғанға бейім, адал. Сондықтан өте танымал әрі сұранысқа ие. Хаскилер жарысын кез келген адам көре алады, балаларға да, ересектерге де ерекше әсер сыйлайтыны сөзсіз. Сайыс Астана саябағында, Сарыарқа даңғылындағы көліктерге арналған көпір мен жаяу жүргіншілерге арналған көпір арасындаға алаңқайда өтеді.