Астанада тұрақта тұрған көліктен ер адамның мәйіті табылды

444

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар жүргізілуде.

Астанада тұрақта тұрған көліктен ер адамның мәйіті табылды Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада тұрақта тұрған көліктен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 18 қазан күні автотұрақтағы көлік салонынан 49 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

"Ол көлік салонында жалғыз болған, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар жүргізілуде. Қосымша ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деп жазылған ресми жауапта.

Бұған дейін Facebook желісіндегі "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" тобында М. Мақатаев көшесіндегі жағалау маңындағы автотұрақта ер адам мәйіті табылғаны жазылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу