Астанада тұрақтандыру қорындағы картоп саудаға шығарылды

721

Астанада тұрақтандыру қорындағы картоп саудаға шығарылды

"Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы азық-түлік тауарлары қорын тұрақтандыруды өңірлік пайдалану және  қалыптастыру жөніндегі бағдарламасы аясында картопты саудалауға кірісті, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты. 

Бүгінде бөлшек саудада көкөністің бір келісі 120 теңгеден аспайды. "Өнім Бөгенбай батыр даңғылы, 69  орналасқан "Шапағат" коммуналдық базарында килосы 115 теңгеден сатылуда. Өнімнің сапасы жоғары талапқа сай. Біздің болжамымыз бойынша сатып алынған көкөніс сәуір айына дейін жетпек", - деп хабарлайды "Astana" ӘКК" ҰК" АҚ мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша департамент директоры Әуез Қарабалаев. 

Естеріңізге сала кетейік, "Шапағат" КБ" ЖШС Астана қаласының бірден бір коммуналдық базары және еншілес "Astana" ӘКК" ҰК" АҚ мекемесі, бұлардың негізгі тұтынушысы халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы. Коммуналдық базар жеке және заңды тұлғаларға сауда алаңдарын ұсынады және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін жәрмеңке ұйымдастырумен  айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу