Астанада Тұран даңғылы уақытша жабылды

425

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Астанада Тұран даңғылы уақытша жабылды Фото: gov.kz

Астананың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша республикалық Бас мешіт ауданындағы тұрғын үйлерді орталық жылытумен қамтамасыз ету мақсатында қаланың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы НС-14-тен ТМ-47-ге дейінгі магистральдық жылу трассасын салу жобасы аясында жұмыс жүргізіп жатыр.

Құрылыс-монтаждау жұмысына байланысты осы жылдың 2-20 тамыз аралығында Тұран даңғылының негізгі қозғалыс белдеулері бойынша Хусейн Бен Талал көшесінен әуежайға қарай екі жаққа қозғалыс жабылады.

Көлік қозғалысы екінші реттік съездер бойынша жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, 26 шілдеден 26 тамызға дейін Мәңгілік Ел даңғылынан Хусейн Бен Талал көшесі бойындағы екінші реттік жол бойымен 6 жылу магистралін салу бойынша жұмыс жүргізу үшін қозғалыс толығымен жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу