Астанада тұрғын үй ауласында оқ атылды: полиция түсініктеме берді

474

Тұрғындар жарақат алғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.  

Астанада тұрғын үй ауласында оқ атылды: полиция түсініктеме берді Фото: polisia.kz

Астанада тұрғын үйлердің бірінің ауласында оқ атылды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Полицияға тұрғын үйлердің бірінің ауласында атыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына патрульдік полицияның экипаждары жедел түрде жетті. Алдын ала анықталғандай, тұрғын үйдің ауласында алкогольдік ішімдік ішкен бір топ жас азаматтар болған. Олар агрессивті мінез-құлық танытқан. Құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында үй тұрғындарының бірі газ тапаншасынан аспанға ескерту ретінде оқ атқан. Оқиғаға қатысушылардың барлығы сол жерде ұсталып, полицияға жеткізілді", – деп хабарлады Астана қаласы Полиция департаменті.

Құқық бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатыны белгілі болды. Полиция тұрғындардың жарақат алғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

"Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік көзделгенін ескертеміз. Азаматтарды ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", – делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу