Астанада тұрғын үй қасбеті құлап кетті: Зардап шеккен фельдшердің жағдайы өте ауыр

446

Бұған дейін Астанадағы тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптама мен кондиционердің бөлігі құлап, 5 адам зардап шеккен болатын.  

Астанада тұрғын үй қасбеті құлап кетті: Зардап шеккен фельдшердің жағдайы өте ауыр Фото: stan.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында осы оқиғадан зардап шеккен адамдардың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің әріптесіміз, жас фельдшер маман қазір өте ауыр жағдайда жатыр. Реанимация бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы ауыр. Қазір барлық денсаулық сақтау жүйесі елімізде бар мамандармен бірігіп, консилиуммен шешім қабылдап, барлық көмектің түрлері көрсетілуде. Әріптесіміз ауруханаға түскен күні жедел ота жасалып, реанимациялық көмек көрсетілген болатын. Қазір қаламыздағы үлкен ауруханалардың бірінде жатыр. (..) Біз өзіміздің денсаулығымызға қарамай, сондай жерлерге барып, қолымыздан келген жұмысты жасап жатамыз. Біз әріптесіміздің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз", – деді вице-министр журналистердің сауалына берген жауабында.

Тимур Мұратовтың сөзінше, басқа зардап шеккен адамдар да сол ауруханада жатыр.

"Олар емді толық көлемде алып жатыр. Соның ішінде бір науқастың жағдайы ауыр, ол да реанимацияда. Қалған үш науқас бөлімшелерде қажетті емдерін толық қабылдап жатыр", – деп жауап берді ДСМ өкілі.

Айта кету керек, бұған дейін келесі жылы дәрі-дәрмек бағасы қандай болатынын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу