Астана қаласындағы Сарыарқа ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерінің бірінде лифт тоқтап қалды. Лифтке жауапты қызметке жүгініп, күтіп тұрған кезде іште қалып қойған әйелге ауа тар болып, өзін жайсыз сезіне бастаған соң, 112 нөміріне қоңырау шалды.
Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар ары қарай медициналық қызметтен бас тартты.
ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз келесі ережелерді еске салады:
1. өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
2. диспетчерге хабарласыңыз;
3. барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;
4. лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
5. барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.