Астанада тұрғын үйдегі өрттен 4 адам құтқарылды

378

Өрт 20 шаршы метр аумақты қамтыған.  

Астанада тұрғын үйдегі өрттен 4 адам құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

29 шілде таңертең Ш. Қосшығұлұлы көшесіндегі үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалын 20 шаршы метр аумаққа тарап, үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды шарпыған.

Өртті сөндіру кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері көршілес пәтерлерден төрт адамды құтқарды. Оларды эвакуациялау барысында арнайы құтқару маскалары пайдаланылды.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу