Астанадағы "City lake" тұрғын үй кешенінің 12-ші қабатынан әйел мен бала құлап кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Қайғылы жағдай бүгін, 9 маусымда күндізгі сағат 2 шамасында болған.
"9 маусымда сағат 14.19-да 102 арнасына Сығанақ көшесінде 12-қабаттың терезесінен бала мен әйел құлағаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды, бала ауруханада қайтыс болды", делінген Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сараптама тағайындалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.