Елордалық Полиция департаментінің мәліметінше, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден құлаған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құлау кезінде әйел 2 жасар бала отырған балалар арбасына түскен. Сәби де алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу