Астана қаласының Сарыарқа ауданында жылу беру құбыры жарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"КамАЗ жүргізушісі мұнара кранының құрылымын тасымалдау кезінде сыртқы магистральдық жылу беру тарссасын зақымдады. Салдарынан Ы. Дүкенұлы көшесі, 30-үйдің маңында құбыр жарылды.Зақымданған аумақты оқшаулаумен "Астана-Теплотранзит" АҚ-ның жедел мобильді топтары айналысып жатыр", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
Жылу құбырын қалпына келтіру жұмыстары кезінде Ы. Дүкенұлы көшесі жартылай жабылды. Әкімдік ақпараты бойынша бірқатар әкімшілік нысандар мен тұрғын үйлер жылудан ажыратылды. Жоспарға сәйкес қалпына келтіру жұмыстары 5-8 сағат көлемінде жүргізіледі.