Оқыс оқиға Астана қаласы Керей Жәнібек хандар көшесінде болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ТЖМ мәліметінше, өрттің себебі анықталып жатыр.
– Керей Жәнібек хандар көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде алтыншы қабаттағы пәтердің балконы өртенді. Құтқарушылардың күшімен 6 ш. м. аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз! – делінген ведомство хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу