Астанада 5 желтоқсанда түрік шайы фестивалі өтеді, деп хабарлайды abctv.kz.
"Түрік шайын таныту" шарасы Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы тарапынан ұйымдастырылмақ.
Айта кетсек, түрік шайы басқа шайлардан тропикалық аймақтарда өспейтіндігімен ерекшеленеді. Әлемде Түркия ғана континенттік ауа райында шай өсіреді.
Түрік елінде әр адам орта есеппен жылына 2,3 келі шай тұтынады екен. Осылайша бүкіл әлемде ең көп шай ішетін халықтар арасында төртінші орынды иеленеді. Бір ғасыр бұрын кофесіз күндері өтпейтін түрік халқының қазіргі таңда шыны ыдыспен шай ішпесе таңы атпайды десек артық айтпаймыз. Түріктер шай ішуге де, шайға арналған ыдысқа да мән беріп қарайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу