Астанада Түркістан көшесінің учаскесі жол жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады. Бұл туралы қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты 8 қыркүйек сағат 18.00-ден бастап 9 қыркүйек аралығында Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу