Елорданың 20 жылдығын атап өту аясында 23-24 маусым күндері Астана қаласында Түркістан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде 286 тонна өнім қойылады, соның ішінде ет және ет өнімдері – 65 тонна, көкөністер – 101 тонна, сүт өнімдері – 18 тонна, көкөніс және жеміс – 8 тонна, жұмыртқа 20 мың дана, балық – 6 тонна, бал – 5 тонна, түрлі консервілер – 4 тонна, картоп – 17 тонна, құрғақ жемістер – 5 тонна, басқа да өнімдер – 41 тонна.
Түркістан облысы бас қалаға 28-ден астам өнім түрін әкеледі.
17 жүк көлікке теңдей артылған ауыл шаруашылық өнімдерінің бірінші керуені Астанаға 20 маусым күні аттанған.
Жәрмеңкенің өтетін орны – "Қазақстан"спорт кешенінің алаңы.