Бүгін Астанада түркітілдес елдердің іскерлік кеңесі өтіп жатыр. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып жатқан шарада түркі дүниесіне ортақ бизнес мәселелері талқыға түседі, деп хабарлайды 24.kz.
Бұған қоса күн тәртібінде кеңестің қызметіне қатысты да сұрақтар бар.
Түркітілдес елдердің іскерлік кеңесіне 4 мемлекет мүше. Ол Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия. Бұл мемлекеттерден келген бизнес өкілдерінің өз мақсат-мүддесі бар.
Қазақстан кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта Түркияның Палаталар және биржалар одағымен ортақ палата құрмақ. Оның басты мақсаты – экономикалық серіктестікті одан әрі нығайту, инвестиция тарту, сауданы арттыру.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу