Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталған азаматтардың құқығы бұзылғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Прокуратураның мәліметінше, тексеру барысында сотталғандар жалақысын уақытында алмағаны, жеке еңбек шарты жасалмағаны, сондай-ақ жұмысқа тартылған сотталғандарды еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақыты нормасынан тыс (тәулігіне 12 сағаттан артық) пайдалану деректері анықталған екен.
"Қадағалау актісі бойынша сотталған 13 адам жұмыс істеген артық сағаты үшін қосымша үстемақыларын алған. Еңбекақы төлеу талаптарын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 87-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды", – деп хабарлайды прокуратура.