Астанада түрмеден босатылған азаматтарға 15 АЕК көлемінде көмек беріледі

131

Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлім етті.

Астанада түрмеден босатылған азаматтарға 15 АЕК көлемінде көмек беріледі Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Елордада бостандыққа шыққан азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау қағидасына" сәйкес, түрмеден босатылған азаматтарға бір реттік әлеуметтік көмек қарастырылған. Атап айтқанда, босатылғаны туралы анықтама ұсынған және босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей өтініш білдірген тұлғаларға 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде қайта ұсынылмайтын біржолғы көмек беріледі", – делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Бұл қолдау – қоғамға қайта бейімделуге көмектесуге бағытталған әлеуметтік шаралардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу