Астанада тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт оқшауланды

404

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.  

Астанада тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт оқшауланды Фото: t.me/qr_tjm

Астанадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт толық оқшауланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған жайт Байқоңыр ауданына қарасты Алаш тас жолы маңындағы ҚТҚ полигонында тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, қоқыс шамамен 1200 шаршы метр аумақта жанған. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оперативті әрекеттердің арқасында оттың одан әрі таралуына жол берілмеді", – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу