Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, тұрмыстық кәріздің магистральдық желілерін салу жөніндегі жұмыстардың басталғанын мәлімдейді.
Осыған байланысты 24 тамыздан бастап 10 қазанға дейін "Дива" тұрғын үй кешені ауданындағы Әйтеке би көшесі мен Қ.Мұхамедханов көшесінің қиылысында көлік қозғалыс кезең-кезеңімен шектелетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, делінген хабарламада.