Астананың Есіл ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің автотұрағында өрт шығып, ғимаратты түтін басты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құтқарушылар 32 адамды, оның ішінде 13 баланы қауіпсіз жерге шығарды.
Төтенше жағдай Сарайшық көшесінде болған. Автотұрақта электр сымдары мен автокөлік шиналары өртенген.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жедел жетті. Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары ғимарат ішінен 32 адамды құтқарды.
Өрт толық сөндірілді. Жалынның жылуынан төрт автокөлік зақымданған. Зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу