Ауа райы қолайсыздығының салдарын жоюға ТЖД жеке құрамының 221 қызметкері және жоғары өтімділігі бар 43 бірлік техника, сондай-ақ, қаланың коммуналдық қызметінің 1367 жұмысшысы және 618 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда қаланың периметрі бойынша айналма жолда өтіміділігі жоғары көлік құралдарымен (KУНГ) патрульдеу жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"ӨСжәнеАҚЖҚ" ММ тас жолдан 30 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды. "ОӨАЖҚЖ" ММ күштерімен 40 адам эвакуацияланды.
"112" телефон нөміріне жабылған тасжолдар мен көмек көрсету қажеттілігі бойынша 3100 қоңырау мен 850 хабарлама түсті.
3-МӨСБ базасында орналасқан дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды, штаб бастығы - Астана қаласы ТЖ департаменті ТЖД бастығының орынбасары М.Т. Аманбаев.
Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына және мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Жағдай ТЖД –нің бақылауында.