Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты 1-7 маусым күндері Уәлиханов көшесінің А.Кравцов көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол-құрылыс жұмысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деп хабарлады жауапты басқарма.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу