Астанада үй кезегін күткендер баспаналы болды

622

"Жағалау" ықшамауданында орналасқан тұрғын үй кешені жанынан 4 мың оқушыға арналып мектеп салынған.  

Астанада үй кезегін күткендер баспаналы болды Фото: Instagram/altay_kulginov_official

Республика күніне орай кезекте тұрғандарға көптен күткен баспана кілті табысталды, деп жазды елорда әкімі Алтай Көлгінов instagram-дағы парақшасында, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қоныс тойын тойлап жатқандардың арасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедектер, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және тағы басқалары бар", - деді Астана қаласының әкімі.

Оның айтуынша, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға баспана кілтін беру жұмысы "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы Отбасы банкімен бірлесіп, жүзеге асырылған.

"Тұрғын үй кешені құрылысы қарқынды түрде жүріп жатқан ауданда (Жағалау шағын ауданы, Е-20 көшесі) орналасқан. Бұл маңайда жақында 4 мың оқушыға арналған 2 ауысымды мектеп аштық. Онда өзге де әлеуметтік нысандар бар. Көктемде ауданды абаттандыру әрі әлеуметтік нысандар салу жұмысын ары қарай жалғастырамыз", - деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ шаһар басшысы баспаналы болған астаналықтарға ізгі тілегін жеткізді.

"Пәтер иелерін көптен күткен қоныс тойымен құттықтаймын! Шаңырақтарыңыздан шаттық, босағаларыңыздан бақыт кетпесін! Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, табыс және амандық тілеймін", - деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу