Астанада үй кезегіне тұратындар саны неге көбейіп отыр

804

Егер 2008 жылға дейін кезекте тұрғандардың саны орта есеппен 700-800 азамат болса, 2008 жылдан бастап аталмыш көрсеткіш күрт өсіп, 3-4 мың азаматты құраған.   

Астанада үй кезегіне тұратындар саны неге көбейіп отыр

Астанада тұрғын үй алу кезегіне тұратындар саны жылдан-жылға артып отыр. Басты себеп – қала халқының қарқынды өсуі. Қалалық әкімдік тізімнің ұзаруын осылай түсіндірді.

Қалалық құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының хабарлауынша,  5 ақпандағы жағдайға сәйкес Астанада коммуналдық тұрғын үй қорында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 45 329 адам тұр.

"Кезекте тұрғындар санының артуының басты себептерінің бірі – қала халқы санының қарқынды өсуі. Бұл үрдіс табиғи өсім, сондай-ақ көші-қон есебінен орын алып отыр", – деп атап өтті ведомствода.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, егер 2008 жылға дейін кезекте тұрғандардың саны орта есеппен 700-800 азамат болса, 2008 жылдан бастап аталмыш көрсеткіш күрт өсіп, 3-4 мың азаматты құраған. 

Тұрғын үй заңнамасына сәйкес қала әкімдігі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебін 5 тізім бойынша жүргізеді. Олардың қатарына: 1)Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 2) жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 3) әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар; 4) мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке үміткерлер мен сайланатын мемлекекеттік лауазымындағылар; 5) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтар.

Астана әкімдігі соңғы бес жыл ішінде 7 236 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз еткен (мемлекеттік бағдарлама және коммуналдық тұрғын үй қорынан).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу