Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда елордада иттерді тұмылдырықсыз серуендету, иелері үй жануарларының нәжістерін жинаудан бас тартатыны, аулалар мен спорт алаңдарында серуендететіні ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл бағытта Астана қаласы ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жиі профилактикалық жұмыстар жүргізгенмен, мәселенің күрмеуі тарқатылар емес.
Сол себепті, осы жылдың маусым айынан бастап мекеме мамандары жаңа ережелер бойынша жұмыс істеуді көздеп отыр. Астанада иттер мен мысықтарды ұстау және серуендетуге қатысты ережеге бірқатар өзгерістер енгізілген. Оның басым бөлігі үй жануарларын стерильдеу, сонымен қатар қараусыз қалған ит пен мысықтарды гуманистік әрекетпен ұйықтатуға қатысты.
Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі өкілдері қауіпсіздікті сақтау мақсатында төбелескіш иттерді тек 21 жасқа толған адамдар ғана ұстай алады деп хабарлады.