Астанада үй жануарларына тегін чип орнату науқаны жалғасып жатыр

650

Астанада үй жануарларына тегін чип орнату науқаны жалғасып жатыр

Астанада ит пен мысыққа тегін чип ортану науқаны жүріп жатыр. Бүгінгі күні бағдарлама аясында 1134 төрт аяқты тегін чиппен қамтылды, деп хабарлайды elorda.info

"Астана әкімдігі биыл  үй жануарларына арнап 6 мың чип бөлді. Чип ортану "Астана Ветсервис" базасында жүргізіледі. Қазіргі күні қалада 1134 итке чип енгізілді. Әлі 4900-ға жуық бос чип бар", - деді елорданың Қалалық ортаны регенерациялау басқармасының ветеринария және өсімдіктерді қорғау бөлімінің бас маманы Әсем Мусина.

Сонымен қатар, ол аталған компанияның ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасатынын айтты.  

"Бұдан бөлек, ветиринарлық клиникалар ақылы негізде чип ортану қызметін көрсетеді. Клиникалардың белгіленген тарифі бар. Алайда, елорда тұрғындары бұл қызметті үй жануарларын чиптендіру бағдарламасы шеңберінде тегін ала алады", - деді ол.

Айта кетейік, елорда әкімдігі Астанада үй жануарларын чиптендіру жұмысын жүргізіп жатыр. Аталған бағдарлама қаладағы төрт аяқтылардың  нақты санын анықтауға жәрдемдеседі. Сондай-ақ олар жоғалып кеткенде немесе ит аулаушылардың қолына түскен кезде жануарды анықтауға және иесіне қайтарып беруіге мүмкіндік береді.

Жануарына тегін чип орнату қызметіне ие болу үшін иесі "Астана Ветсерсис" МКК барып, өзімен бірге жануарының төлқұжатын апару керек. Төлқұжат болмаған жағдайда чиптендіру процесі кезінде рәсімдеп алуға болады.

Бағдарлама 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу