Астанада ҰҚК-нің үш қызметкері қамауға алынды

358

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үш қызметкерін қамауға алуға санкция берді.   

Астанада ҰҚК-нің үш қызметкері қамауға алынды Фото: tengrinews.kz

Күдіктілерге азаптау фактілері бойынша айып тағылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2023 жылдың 25 қаңтарында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер Е.И.Аманов, Х.С.Әбдіғали, К.Б.Сартайға қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", - делінген Астана сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қалалық соттан түсіндірілгендей, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Бұған дейін ҰҚК-нің үш қызметкері Астанадағы тергеу изоляторларының бірінде күдіктілерді азаптағаны анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу