Астанада үлескерлердің ақшасын қабылдау құқығы жоқ құрылыс салушылар тізімі жаңарды

508

Астанада құрылыстың бастапқы сатысындағы үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі өзектендірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Астанада үлескерлердің ақшасын қабылдау құқығы жоқ құрылыс салушылар тізімі жаңарды Фото: Астана әкімдігі

"Қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып табылады.

Азаматтардың қаражатын сақтау үшін Астана әкімдігі қырағы болуды сұрайды және рұқсат беру құжаттары (құрылысқа рұқсат, "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" ШЖҚ РМК оң қорытындысы) болмаған кезде тұрғын үй сатып алудан бас тартқан жөн", делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Үлескерлердің тізімі сілтемеде келтірілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу