Елордалық прокуратура үлескерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылдың 15 ақпанындағы шешімі бойынша Астана қаласының прокурорының талап арызына сәйкес "Скай сити" тұрғын үй құрылыс кооперативі (әрі қарай - ТҮҚК) жауапкерлер "Grant Elite-NS" ЖШС-нан және "Комфортный дом" ЖШС-нан 149,9 млн теңге өндірілді, сонымен қатар жер телімі және аяқталмаған құрылыс нысаны қайтарылды.
Соттың шешімі дереу орындалуға жолданды.
Қазіргі уақытта ТҮҚК аталған объектінің әділет органдарында тіркеу процедурасын бастады.
Аталған процедуралар аяқталғаннан кейін ТҮҚК-де өз бетімен, соның ішінде инвесторларды тарту жолымен, аяқталмаған нысан құрылысын бастау құқығы туындайды.