Астанада үлкен теннистен халықаралық турнир өтеді

850

Астанада үлкен теннистен халықаралық турнир өтеді

2018 жылдың 18-22 шілдесі аралығында Астанада үлкен теннистен ATP Challenger және ITF Women’s сериялары аясында "Президент Кубогы - 2018" Халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды olympic.kz. 

Жарыстың жүлде қоры – 205 000 АҚШ доллары. 

Турнирге әлемнің 30 мемлекетінен 100-ге дуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олардың арасында әлемдік рейтингте ТОП -100 қатарына енетін теннисшілер де бар. 

Президент Кубогына қатысатын қазақстандық теннисшілер қатарында Дмитрий Попко, Тимур Хабибулин, Деннис  Евсеев, Роман Хасанов, Гозаль Айнитдинова және Жібек Құламбаевалар бар. 

Президент Кубогы – 1991 жылдан бері Қазақстанда өткізіліп келе жатқан кәсіби спортшылар арасындағы ірі теннис турнирлерінің бірі. 

Осы уақыт аралығында балаларға арналған "Astana Masters 12& under President’s Cup" және әуесқойлар бақ сынайтын "President’sCup-2018" турнирі өтеді.

Жарысты ұйымдастырушы – Қазақстан теннис федерациясы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу