Оның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қала мерекесі қарсаңында Ұлттық киім күні ұйымдастырылды.
Елордалық Арбатта қала тұрғындары мен қонақтарына "Асыл-Дизайн" сән үйінің бас дизайнері Айдархан Қалиевтің ұлттық киімдерінің дефилесі көрсетілді.
"Қазақстанның мәдени апталығы аясында танымал отандық дизайнерлердің ұлттық киімдерінің дефилесі ұсынылды. Сондай-ақ, елордалық "Наз" театрының билерін көруге болады. Іс-шараға қатысушылар Есіл өзенінің жағасында оркестрдің саундтректерін тамашалап, караоке аймағында отандық фильмдерді тамашалай алады. Айта кетейік, тұрғындарға қазақ тілін үйрену бойынша күнделікті шоу-бағдарлама көрсетіледі", – деді Сарыарқа ауданы әкімі аппараты бөлім басшысының міндетін атқарушы Дамир Хисматуллин.
"Наз" би театрының әртістері Есіл өзенінің жағасында естен кетпес көңіл күй сыйлап, белгілі әндер мен әуендерді орындады.
"Осы іс-шараға қатысып, мерекелік көңіл күйді сезінгеніме қуанамын. Елорда күні қарсаңында барша қазақстандықтарға тек жақсылық тілеймін!" – деп құттықтады астаналық Аружан Уәлиханова.
Астана күнін мерекелеу аясындағы іс-шара 8 шілдеге дейін жалғасады.
Апта бойы қонақтар Қазақстанның мәдени мұраларын сахналайтын әртістердің қойылымдарын тамашалайды.