Астанада Ұлттық спорт күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

467

2024 жылғы 20 наурызда Наурыз мейрамын тойлау аясында елордадағы "Арғымақ" ат-спорты кешенінде ұлттық спорт күніне арналған "НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні" мерекелік іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада Ұлттық спорт күніне орай қандай іс-шаралар өтеді Фото: gov.kz

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мәлім еткендей, мерекелік іс-шара аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сыныптары жоспарланған.

"Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіледі. Сондай-ақ, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі және мерекелік концерттік бағдарлама өтеді", — делінген хабарлмада.

Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Астана қаласының әкімдігімен бірге ұйымдастырды.

Аталған іс-шара елордадағы "Арғымақ" ат-спорт кешенінде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу