Астанада Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның құрметіне сквер ашылады

463

2023 жылғы 17-18 наурызда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға сапары өтеді.    

Астанада Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның құрметіне сквер ашылады Фото: REUTERS

Аталмыш кездесу аясында осы аптада елордада Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның құрметіне сквер ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Астанада Дж. Клеверли Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қабылдауларында болады, сонымен қатар Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен келіссөздер ұйымдастырылады. Сапар аясында Астана саябақтарының бірінде II Елизавета атындағы сквердің ашылуы көзделуде", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 16-17 наурыз аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссары Фолькер Тюрктың Астана қаласына жұмыс сапары өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу