Астанада Универсиада-2017 Алауының эстафетасына байланыста бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі

678

Астанада Универсиада-2017 Алауының эстафетасына байланыста бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі

2017 жылдың 25 қаңтар күні Астана қаласында 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 Алауының эстафетасы өтетіндігін хабарлаймыз. Осыған орай сіздерді 2017 жылдың 25 қаңтар сағат 10:00-ден 12:30-ға дейін:

* Қабанбай батыр даңғылында Тұрар Рысқұлов көшесінен бастап, Достық көшесіне дейін;

* Достық көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан бастап, Түркістан көшесіне дейін көліктің барлық түрлеріне қозғалыс ішінара шектелетінін ескертеміз. Сондай-ақ, 2017 жылдың 25 қаңтар күні сағат 12:45-тен 15:00-ге дейін:

* Д. Қонаев көшесінде Түркістан көшесінен бастап, Қабанбай батыр даңғылына дейін;

* Қабанбай батыр даңғылында Д.Қонаев көшесінен бастап, "Рамстор" СО-ның автотұрақ аумағына дейін (Республика даңғ.);

* Республика даңғылында "Рамстор" СО-ның автотұрақ аумағынан бастап, Кенесары көшесіне дейін;

* Кенесары көшесінде Республика даңғылынан бастап, Астана қаласының ескі алаңына дейінгі аумақта қозғалыстар шектелетін болады, деп жазады astana.gov.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу