Астанада ұрлық жасаған ШҚО-ның төрт тұрғыны ұсталды

2219

Ұсталған тұлғалардың үшеуі осы секілді қылмыстарды жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Астанада ұрлық жасаған ШҚО-ның төрт тұрғыны ұсталды

Астана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде пәтер ұрлығымен айналысқан Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын ұстады, деп хабарлайды  Елорда Инфо полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Қалаға келген Шығыс Қазақстан облысының төрт тұрғыны елорда аумағында бірнеше рет пәтер ұрлығын жасады деп күдіктелуде.

"Гастролерлер пәтер ұрлығын күндізгі уақытта кілтті іріктеу жолымен жасаған. Олар пәтерлердің бірінен зергерлік бұйымдар және ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты (17 000 доллар шамасында) жымқырған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұсталған тұлғалар уақытша тұрып жатқан жалдамалы пәтерден заттай дәлелдемелерді тәркіледі", ­­ – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша ұсталған тұлғалардың үшеуі де осы секілді қылмыстарды жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, ұсталғандар Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұрын осы секілді қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу