Астанада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ – Президент

103

Алдағы үш жылда мектептегі орын тапшылығы 400 мыңға дейін жетуі мүмкін.

Астанада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ – Президент Фото: Астана әкімдігі

Президент елордадағы білім беру саласына назар аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мектеп тапшылығы – еліміздегі аса өзекті мәселенің бірі. Мектеп салу қарқыны бала санының өсу қарқынына ілесе алмай келеді. 

Алдағы үш жылда мектептегі орын тапшылығы 400 мыңға дейін жетуі мүмкін. Соның ішінде елордада 28 мың оқушыға орын жетіспейді деген болжам бар. 

Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарында осындай жағдай қалыптасуы мүмкін. 

Әрине, бұл бағытта біраз шаруа атқарылды. Соңғы 5 жылда бір миллионнан астам оқушыға арналған мыңға жуық мектеп пайдалануға берілді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Астанада 75 мектеп салынды. Қазір қалада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ. 

"Бұл ретте "Келешек мектептерін" ерекше атап өткен жөн. Архитектуралық және техникалық тұрғыдан қарағанда, бұл – заманауи әрі жоғары деңгейде жабдықталған мектептер. 

Аталған бағытта әжептәуір тәжірибе жинадық. Сондықтан ауқымды жобадан гөрі қауіпсіз, сапалы құрылыс жұмыстарына кірісуіміз керек. Дегенмен оның бағасы қымбат болмауға тиіс. 

Бұл еліміздегі білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуда қалыпты жұмысқа айналуы керек", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу