Атырау, Алматы, Ақтөбе облыстары 3 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеле жатыр, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Алдағы демалыс күндері, 17-18 маусым, "Қазақстан" спорт сарайының тұрақ алаңында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Бұл жолы үш мыңнан астам көкөніс, ет, сүт балық, шұжық өнімдері, сұйық май және өзге де көптеген тауарларды Алматы, Атырау, Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер елорда тұрғындарына арзан бағамен саудалайды.
Жәрмеңкеге 151 отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші қатысады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына үш облыстың шығармашылық өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу