Астанада ұшақ бортында темекі шеккені үшін екі ресейлік ұсталды

554

Олар айыппұл төлеуге міндеттелді

Астанада ұшақ бортында темекі шеккені үшін екі ресейлік ұсталды Фото: pinterest.com

 

Мәскеу-Астана бағытындағы ұшақ бортында темекі шеккені үшін екі ресейлік ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Арыз берушінің айтуынша, ер адамдар әуе кемесінің бортында ұшу кезінде электронды темекі шеккен және бортсеріктердің ескертулеріне жауап бермеген. Көлік полицейлері тексерген кезде мас күйінде болған 36 және 46 жастағы Ресей Федерациясының азаматтары анықталды", - делінген хабарламада.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша құқық бұзушыларда алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесі анықталды. Шетелдік азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі (спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу), 441-баптың 1-2-бөліктері (әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну) бойынша екі әкімшілік материал жасалды және әрқайсысына 55 АЕК (шамамен 190 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу