Астанада ұшақтар оталмай қалды

354

Тобыл өңірінде 5 күннен бері сақылдаған сары аяз басылар емес. Ауа температурасы минус 30-35 градус шамасында.

Астанада ұшақтар оталмай қалды Фото: Inbusiness.kz

Қостанай қаласында кейбір автобустардың қысқы дизель отыны қатып қалып, бағыттарға шықпаған. Қоғамдық көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Тұрақтарда тұрып қалған жеңіл машиналар да оталмай жатыр. Техниканы қыздырып, оталдыру қызметінің құны шарықтап кетті, 20 мың теңге сұрайды. Ал, қаладан 100-150 шақырым жолдардағы жүк көліктерін қыздыру ақысы 70-100 мың теңге.

Қалалық әкімдік барлық ұйымдардан жұмыс күнін қысқартуды өтінді. Тіпті, қауіпсіздік үшін тұрғындардан көшеде жүруді барынша шектеп, қажетсіз шықпауды сұрады. Мектеп оқушылары өткен бейсенбіден бері онлайн форматта білім алып жатыр. Республикалық, облыстық маңызы бар жолдарда сағат кешкі бестен кейін қоғамдық көліктер мен дизель отынымен жүретін жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды. Қостанайда көліктер қызбай жатса, ал Астанада ұшақтар оталмай қалды.

Экстермалды ауа райына байланысты бүгін Астана халықаралық әуежайынан ұшатын - 9, қонатын - 15 рейс кешікті. Сондай-ақ Уфа мен Алматыға қатынауы тиіс рейстер ұшпай қалды. "Qazaq Air" әуе компаниясының мәліметінше, "Қозғалтқыштағы майдың тұтқырлығы жоғары болғандықтан, іске қосу турбинасы қажетті қарқын ала алмаған. Сондықтан қозғалтқыш іске қосылмады. Мұндай жағдайда әуежай қызметкерлері әмбебап мотор жылытқышын ұсынады. Алайда, Астана әуежайында қажетті техниканың жетіспеуіне байланысты ұшақтың қозғалтқышын іске қосу ұзап кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу